Жанартау мұхит суын қайнатып жіберді
13:00, 03 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ геологиялық қызметі Гавайидегі Килауэа жанартауынан атқылаған лаваның Тынық мұхитына төгіліп жатқан видеосын жариялады.
Ені екі метрге жететін қайнаған лава ағыны жағадағы суға төгіліп жатыр. От пен судың араласуынан аса үлкен бу бұлты пайда болды, ал лаваның бөліктері 30 метрден де жоғары биіктікке ұшып жатыр.
Гавайи аралындағы Килауэа - ең белсенді жанартаулар қатарында. Соңғы жылдары өте қарқынды атқылауда.