Бұдан бұрын жанартау аумағында тіршілік кешіп жатқан 2 мыңға жуық адам эвакуацияланған болатын. Төтенше жағдай қызметі қазіргі уақытта тоғыз жанартау ошағынан балқыған отты сұйық заттардың және улы газдардың шығып жатқандығын анықтады.
АҚШ геология қызметі аралдың оңтүстік-шығысында магнитудасы 6,9 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы дерек жоқ. Кем дегенде 26 үй қирады.