Жаңартылатын энергия көздерінің түрік экономикасына қосқан үлесі 6 айда 4,8 миллиард долларға жетті

АСТАНА. KAZINFОRM— Тек биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Түркия экономикасының өсуіне жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) қосқан үлесі 4,8 миллиард АҚШ долларын құрады, деп жазады АЗЕРТАДЖ.

Фото: Kazinform

Бұл туралы сейсенбі күні Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі хабарлады.

Жаңғыртылатын энергия көздерінің арқасында елдің энергетика саласындағы қауіпсіздігі нығайып келеді, делінген аталмыш министрліктің Х әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.

Ақпаратқа сәйкес, жаңартылатын энергия көздерінің арқасында биылғы алты айда елге газ импортын 14,5 миллиард текше метрге азайтуға мүмкіндік туды.

Түркия үкіметі 2035 жылға дейін жаңартылатын энергия секторын дамытуға 73 миллиард доллар инвестициялауды жоспарлап отырғанын бұған дейін мәлімдеген болатын.