«Бүгінгі таңда біз жылына шамамен 80 млн.тоннадай мұнай аламыз, оның 14 млн. елдегі зауыттарда өңдейміз. Жаңартудан кейін республикадағы 3 мұнай өңдеу зауытында шикізатты өңдеу көлемі 25 млн. тоннаға жетеді. Оған дейін біз мұнай өндіруді жылына 110-115 млн. тоннаға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл қажетті шамаға жетеді», - деді Ұ.Қарабалин.
03:05, 21 Желтоқсан 2014
Жаңартудан кейін 3 мұнай өңдеу зауытындағы көлем 25 млн. тоннаға жетеді - Ұ.Қарабалин
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан үшін жылына 110-115 млн. тонна мұнай алу қажетті көлем болып есептеледі, деді Энергетика вице-министрі Ұзақбай Қарабалин ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.