Заң жобасы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды дамытуға, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жобаларды іске асыру кезінде әлеуетті инвесторларды қолдауға, ашықтықты және айқындықты ұлғайтуға, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану саласындағы жобаларды кедергісіз іске асыруға бағытталған.
Бұдан бөлек, аталған құжат жаңартылатын энергия көздерін пайдалану есебінен жаңа электр қуаттарын іске қосылуын қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін болады.
Соынмен қатар, заң жобасын қабылдауда болжанған әлеуметтік салдарлар жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, экологиялық жағынан таза энергияны өндіруді дамытуда көрініс табады және нәтижесінде халықтың өмір сүру сапасын арттыруға әсер ететіні күтіледі. Сондай-ақ Киото хаттамасы шеңберінде қабылдаған міндеттемелерге сәйкес Қазақстан 2020 жылға дейін атмосфераға парник газдарының шығарым көлемін 15 пайызға қысқартуды өзіне міндет ретінде алған болатын. Бұл бағыттағы шаралар да жобада қарастырылған.
Болжанған құқықтық салдарлар жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдаудың құқықтық тетіктерін құруды көрсетеді.
Тоқтала кететін жайт, аталған заң жобасы бойынша жұмыс тобы құрылған болатын, оған Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы Шавхат Өтемісов жетекшілік жасайтын болады.