Сайлау нәтижесінде Мәжіліс Парламентіне өткен үш партия қатарында бірқатар Ұлттық Кеңес мүшелері бар.
Мәселен, «Ак жол» партиясынан Дания Еспаева мен Қазыбек Иса, Халық партиясынан Жамбыл Ахметбеков, ал Nur Otan қатарынан Берік Әбдіғалиұлы, Ерлан Саиров, Қанат Нұров, Айдос Сарым, Бақытбек Смағұл және Бекболат Тілеухан сайланды.
Нәтижесінде жаңартылған Мәжіліс құрамында 9 Ұлттық Кеңес мүшелері бар. Бұл Кеңестің елдегі болып жатқан қоғамдық-саяси үрдістеріндегі атқарып жатқан зор рөлін айғақтайды.