Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің ғимаратында Наурыз мейрамына байланысты өткен мерекелік шара барысында депутат Құрманғали Уәли осындай тілек айтты.
«Келе жатқан ұлыстың ұлы күні, қасиетті Әз Наурыз баршаға болсын! Бұл мерекенің негізгі ерекшелігі ықылым заманнан келе жатқан, бабадан балаға жалғасын тауып келе жатқан, жоғалмай, керісінше жаңғырып келе жатқан халықтық мейрам. Халықтың бүгінгі таңдағы ниеті де соны айғақтайды. Әпсана бойынша Ұлыстың ұлы күні Қыдыр баба жерге түсіп, елге несібесін тарататын күн. Халық соны қатты күтіп, тілеп отыратын болған. Ендеше осындай ұлық мейрамнан айырмасын. Барша елімізге бақытты, ырысты, ынтымақты ала келсін. Жаңару мен жаңғыруды айшықтайтын Ұлыстың ұлы күні береке бірліктің бастауына айналғандай. Сондықтан да, достық пен ізгіліктің мерекесі ырыс-құт, баянды бақыт әкелсін! - деді», - деді Қ. Уәли.