Жаңару символы – саяси реформалар діңгегі

Кейінгі жылдары Қазақстанда Наурыз мейрамы «Наурызнама» деген атаумен тойланып, онкүндік ретінде өткізіле бастады. 14 наурыздағы Амалдан бастап, 23 наурызға дейінгі әр күннің тарихпен байланысты өзіндік атауы, ерекшеліктері бар. Бүгін 19 наурыз – Жаңару күні. Kazinform тілшісі осы датаның мән-маңызына үңіліп, ел өміріндегі саяси рөлін бағамдауға тырысты.

Коллаж: Kazinform/ inbusiness.kz