Жанат Құрманов KASE директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 5 наурыздағы Қазақстанның қор биржасы Директорлар кеңесінің шешімімен KASE директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Сақтандыруды қадағалау департаментінің директоры Жанат Бостанұлы Құрманов сайланды. Бұл туралы қор биржасының сайтында хабарланды.

KASE директорлар кеңесінің төрағасы болмаған жағдайда немесе мүдделер қайшылығы туындағанда алмастыратын тұлға ретінде «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-ның тәуелсіз директоры, Директорлар кеңесінің төрағасы Азамат Мырзаданұлы Жолдасбеков сайланды.
KASE директорлар кеңесінің жаңартылған құрамы KASE биржасының сайтында жарияланды.