Жанат Жақиянов алдағы жекпе-жекке дайын

АСТАНА.ҚазАқпарат - WBA тұжырымдамасы бойынша ең жеңіл салмақта (53,5 келіге дейін) «уақытша» әлем чемпионы Жанат Жақиянов (26-1-0, 18КО) АҚШ-тың Огайо штаты Толедо (Toledo) қаласында жаттығу жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Боксшының бапкері Рикки Хаттон өзінің твиттерінде жаттығуда түсірілген видео және фотолармен бөлісті.

Айта кетейік, Жанат Жақиянов 2016 жылы жарақатына байланысты жекпе-жек өткізген жоқ. Боксшы 10 ақпанында WBA (Super) және IBO чемпионы Раусхи Уорренмен (14-1-0, 4КО) жұдырықтасады.