Жанат Жақиянов бүгінгі жекпе-жегі үшін қанша ақша алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық Толедода басталған бокс кеші қатысушыларының гонорарлары белгілі болды. Басты айқаста қазақстандық Жанат Жақиянов (26-1, 18КО) пен жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы америкалық Роуши Уоррен (14-1, 4КО), деп хабарлады Sports.kz.

Жақияновтың гонорары - 30 мың доллар, Уорендікі - 150 мың доллар.

Сондай-ақ, кеште америкалық кіші Роберт Истер мен пуэрторикалық Луис Круз  жұдырықтасады. Боксшылар америкалық боксшыға тиесілі IBF чемпиондық титулына таласады. Кіші Истер 150 мың доллар, Крус - 40 мың доллар алады.