Жанат Жақиянов IBF рейтингі бойынша үздік ондыққа енді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов француз Карим Гуэрфиді жеңгеннен кейін Халықаралық бокс федерациясының ТОП-15 рейтингіне енді, деп жазады kazsporttv.kz.

Жеңіл салмақта (53,5 келі) жұдырықтасатын Жанат Жақиянов IBF рейтингінде сегізінші орынға тұрақтады. Бұл тұжырымда осы салмақ бойынша чемпион - британдық боксшы Стюарт Холл.

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін сәуірде өткізді. Ол бесінші раундта француз Карим Гуэфриді нокаутқа түсірген болатын.