Жанат Жақиянов қарсыласымен бетпе-бет кездесті

АСТАНА. ҚазАҚпарат - Астана уақытымен ертең таңға жақын қазақ боксшысы Жанат Жақиянов АҚШ-та жергілікті боксшымен шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақ боксшысының қатысуымен өтетін жекпе-жек кеші жергілікті уақытпен 10 ақпан күні Толедо қаласында (АҚШ, Огайо штаты) өтеді. Жерлесіміздің қарсыласы 29 жастағы америкалық боксшы. Есімі - Уоррен. Ол жеңіл салмақтағы WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін тіксе, 33 жастағы Жақиянов WBA тұжырымының белбеуін қойып отыр.

Қос боксшы жекпе-жек алдындағы баспасөз отырысында кездесіп, бір-біріне сүзе қарасты. Ертең қос боксшы арасындағы нағыз мықтылар анықталады.

Айта кетейік, Уорренге қарсы кездесу Жақияновтың АҚШ жерінде өткізейін деп жатқан бірінші жекпе-жегі. Бұған дейін отандасымыз Қазақстан, Монако, Болгария, Австралия, Беларусь, Англия, Солтүстік Ирландия, Гонконг, Швейцария, Өзбекстан, Таиланд және Ресей елдерінде жұдырықтасқан болатын.

Жанат Жақиянов туралы жалпы мағұлмат:

Толық есімі: Жанат Ескендірұлы Жақиянов

Лақап аты: ZZ

Азаматтығы: Қазақстан

Туған күні: 4 қараша 1983 (33 жас)

Туған жері: Петропавл

Тұрғылықты жері:  Петропавл

Салмағы: Аса жеңіл салмақ (53,5 келі)

Тұрысы: Оңқай

Бойы: 170 см

Қолдың қарқыны: 170 см

Бапкері: Рикки Хаттон

Командасы: Hatton promotions

Чемпион белдігі: EBU, WBA interim