Жанат Жақиянов: Мен көптеген чемпиондарды жеңдім, Барнетті де жеңуім керек
01:49, 03 Тамыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жеңіл салмақта WBA атағының иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) өзінің солтүстікирландиялық қарсыласы Райан Барнетпен болатын кездесуіне қатысты пікірімен бөлісті, деп жазады Sports.kz.
«Мен басшылық қарсылас етіп қойған барлық атақ иегерлерін жеңдім. Осы жолы да сол әдетіме саламын»,-деді Жақиянов.
Жақиянов-Барнетт кездесуі 21 қазан күні Белфастта (Солтүстік Ирландия) өтеді.