Боксшылар жекпе-жегі өткен демалыста Монакода өтті және айқас 12 раундқа жалғасты. Судьяның шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға бұйырды.
Осылайша, Жақиянов жеңіл салмақтағы WBA нұсқасы бойынша «уақытша» әлем чемпионы титулын жеңіп алды.
Boxrec.com нұсқасы бойынша тәуелсіз рейтингте Жанат Жақиянов 43-орыннан 41-орынға (73 ұпай) көтерілді. Йонфрез Парехо (72) үш сатыға төмендеді. Қазақстандықтан кейінгі 42-жолға жайғасты.
Бұл - 32 жастағы Жақияновтың мансабындағы 26-шы (18 нокаут) жеңісі, бір рет жеңілген. 29 жастағы Парехоның екінші жеңілісі, қоржынында 17 жеңісі мен бір тең ойын бар.