Жанат Жақиянов WBA рейтингінде көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік боксшылар қауымдастығының (WBA) тұжырымы бойынша әлем боксшыларының жаңартылған рейтингі шықты, деп хабарлады Sports.kz.

Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов жеңіл салмақтылар рейтингінде бір сатыға көтеріліп, екінші орынға жайғасты.

Отандастарымыз Бейбіт Шүменов пен Қанат Ислам жағдайларын өзгерткен жоқ. Шүменов бірінші ауыр салмақ санатындағы көшбасшы болып қала берсе, Ислам бірінші орта салмақта алтыншы орынды иеленді.