Жаңартылған тізімде Ж. Жақиянов үшінші орында тұр. Қазақстандық боксшы жеңіл салмақта WBC Eurasia Pacific Boxing Council титулының иегері, сондай-ақ EBU нұсқасы бойынша Еуропа чемпионы екенін айта кетейік.
WBA рейтингінде жартылай ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Бейбіт Шүменов екінші орынын сақтап қалды. Еске салсақ, қазақстандық желтоқсанда бірінші ауыр салмақта сынға түсіп, америкалық кіші Бобби Томасты жеңген. Бұдан бұрын Шүменов Денис Лебедевке қарсы үміткерлер тізіміне енген.
Бірінші орта салмақта сынға түсетін тағы бір Қазақстан өкілі Қанат Ислам WBA рейтингінде 10-сатыдан сегізінші сатыға көтерілді. Наурыз аяғында Колумбияда қазақстандық жергілікті боксшы Орландо Де Хесус Эстраданы уақытынан бұрын жеңіп, WBA Fedelatin титулын қорғаған.