Жанат Жақиянов жеңіл салмақ (53,5 келіге дейін) санатында бірінші орынға қайта оралды. Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақта (90,7 келіге дейін) 17-ші орнын сақтап қалды. Осы салмақтағы Иса Ақбербаев 34-ші орынға түсіп, екі сатыға төмендеді. Ал бірінші орта санаттағы (69,8 келіге дейін) Қанат Ислам 33-тен 32-ші орынға көтерілді.
10:34, 08 Мамыр 2015
Жанат Жақиянов WBC рейтингінде қайта көш бастады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC) әлемдегі барлық салмақ санатындағы жаңартылған боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлады Sports.kz.