Осыған дейін WBA International нұсқасы бойынша жеңіл салмақта әлем чемпионы 30 жастағы қазақстандық боксшы бесінші орында болған.
Еске сала кетейік, өзінің соңғы жекпе-жегін Жақиянов 10 мамырда Болгарияда аргентиналық Гектор Роландо Гузманмен өткізген. Жақиянов алтыншы раундта қарсыласын нокаутқа жіберді. Қазақстандық үшін бұл 25-ші жеңіс, бір рет жеңілген.