"Менің келесі қарсыласымның кім болатынын әлі білмеймін. Дегенмен Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) болуы әбден мүмкін. Неге ол? Себебі Джейми - WBA тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы. Екі жақ келісе алса, осы атақ үшін таласа аламын», - деді Жақиянов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Оның айтуынша, жапондық Шинсуке Яманакамен жұдырықтасуға да болатын еді. Алайда барлығы келіссөздерге байланысты. Жақияновтың өзі кез келген жекпе-жекке дайын екендігін мәлімдеп отыр.
Айта кетейік, ақпанның 11-інде өткен жекпе-жекте Жанат Жақиянов WBA Super мен IBO титулдарының иегері, әлем чемпионы Роши Уорренді жеңіп, екі бірдей белбеуді тартып алды. Бірінші раундта Жанат Жақиянов екі рет нокдаун алса да, таразы басын өз пайдасына қарай ауыстыра білді. Осы жекпе-жектен кейін қазақстандық боксшы Boxing Scene рейтингісінде 9-орыннан бірден 2-ші орынға көтерілді. Бүгінгі баспасөз мәслиxатында Жанат соңғы жекпе-жекте жеңіске қалай жеткенін айтып берді. Ол Қазақстаннан көшпейтінін де мәлімдеді .