Жанат Жақияновтың келесі жекпе-жегі 10 қыркүйекте өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - EBU нұсқасы бойынша жеңіл салмақтан Еуропа чемпионы қазақстандық Жанат Жақияновтың келесі жекпе-жегі 10 қыркүйекте Минск қаласында өтеді, деп хабарлады BoxingScene.com.

Қазақстандық боксшы ч емпиондық белдігін қорғай ма, әлде титулсыз жекпе-жекке шыға ма, ол жағы белгісіз. Жанат Жақияновтың қарсыласының есімі де әзірге беймәлім.

Бокс кешін Hatton Promotions және World Sport Promotion компаниялары ұйымдастырады.