Жаңатаста Орта Азиядағы ең ірі жел электр стансасының құрылысы басталды

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының Сарысу ауданында қуатты 100 мегаватт болатын «Жаңатас Жел электр стансасы» ЖШС-ның құрылысы салтанатты түрде басталды,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылысжұмыстарының алғашқы кезеңі басталған бұл жел электр стансасы алдағы уақыттаОрта Азиядағы желден электр қуатын өндіретін ең үлкен станса болмақ.

Бұл электр стансасынсалу туралы келісім инвесторлармен 2013 жылдың мамыр айында жүргізілді. Қазір бағаналардыорнату жұмыстарына мамандардан бөлек, жергілікті тұрғындардан 300-ге жуық адамтартылған. Жобаның жалпы құны – 130 миллион доллар. Бұл нысанның құрылысы 2020жылы толық аяқталып, 40 адам тұрақты жұмыс істейді деп күтілуде.

«Қазіргі уақыттажобаны жүзеге асыру үшін Сарысу ауданы әкімдігінің Түркістан ауылдық округінен 233гектар жер берілген. Инвестициялық жоба аясында жергілікті халықтың жағдайынжасаумен қатар әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін берілмек. Жел электр стансасыныңқоршаған ортаға санитарлық-эпидемиологиялық әсері толық тексеріліп, облысәкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының оң қорытындысыналды. Құрылыс жұмыстарының алғашқы кезеңін бастағалы отырған жел электр стансасыОрта Азиядағы электр қуатын өндіретін ең үлкен станса болмақ», - деді облысәкімінің орынбасары Нұржан Календеров.
Айта кетейік, жобаның негізгі акционері - «Визор Қазақстан» компаниясы. «ЖаңатасЖел электр стансасы» ЖШС бірінші жартыжылдықта Сарысу ауданы экономикасыныңнегізгі капиталына 4,5 миллиард теңге көлемінде инвестиция салып, негізгікөрсеткіштердің орындалуына оң әсерін тигізді.

Салтанатты шарадакелісім шартқа қол қойылып, инвесторлар аудандық ауруханаға жедел жәрдемкөлігін сыйға тартты.

Соңғы жаңалықтар