Жанаттар кір жуып жарысты - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Красноярдың «Роев ручей» саябағында жанаттардың (енот) арасында кір жуудан жарыс өтті.

Біріншілікке жанат жұбы - Маша мен Артем қатысты, деп хабарлады moya-planeta.ru. Жануарларға суы бар ыдыс пен бірнеше ескі киім берді.

Сайыстың төрелігін саябаққа келушілер мен жұмысшылары жүргізіп, қорытындысында жануарлардың тең түскенін айтты. Басында Маша өзінің қарсыласын суы бар ыдыстан қуып, оның кір жууына мүмкіндік бермеді. Хайуанаттар бағының жұмысшыларына оған араласуға тура келді.

«Мен жанатты жақсы көремін» ұранымен өткен мереке барысында саябаққа келушілерге сонымен бірге, «Жанат бол» шеберлік сыныбына қатысуға ұсыныс жасалды. Ол үшін қағаздан жануардың маскасын жасап, біріншілікке қатысушылардың суретін алып қарындаштармен салу керек болды.