Жаңа вице-министрді ведомство ұжымына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед таныстырды.
Жанай Сейітжанұлы Омаров 1955 жылы Алматы қаласында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, философия ғылымдарының кандидаты.
1977 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін философия мамандығы бойынша бітірген. 1980-1997 жылдар аралығында еліміздің жоғарғы оқу орындарында (ҚазПТИ, ҚазМУ) оқытушылық және ғылыми қызметтермен айналысты.
1998 - 1999 жылдары Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, «Имидж-Успех» ақпараттық-талдау орталығының бас директоры, ҚР Президентіне үміткер Н.Ә. Назарбаевты қолдау қоғамдық штабының үгіт-насихат тобының жетекшісі - Баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.
1999 - 2001 жылдары Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің директоры, 2001-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі, ішкі саясат басқармасының қоғаммен және баспасөзбен байланыс бөлімінің меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті.
2004-2007 жылдары «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ президенті, 2007-2008 жылдары «Қазақстан Тудэй» агенттігі» АҚ баспа үйінің бас директоры, «Караван» газетінің бас редакторы болды. 2008-2011 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. 2011 жылғы шілде айынан бастап «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы болып қызмет етті.