«Жас қанат» балалар бос уақытын ұйымдастыру орталығының жетекшілері - жарысты ұйымдастырушылар - дзюдоның жастар арасында барынша кең танымал болып отырғанын айтты. Мектеп оқушыларының демалыс уақыттарында өткізілетін турнир қазіргі уақытта дәстүрге айналды және жыл өткен сайын қатысушыларды көптеп тарта түсуде.
Қалалық чемпионатқа 1996-1998 жылдары туған жас споршылар қатысуда. Жарыс екі күнге созылады.