Жаңажылдық мереке күндері төрт жарым мыңға тарта елорда тұрғыны «жедел жәрдем» көмегіне жүгінді

АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Жаңажылдық мереке күндері төрт жарым мыңға тарта елорда тұрғыны «жедел жәрдем» көмегіне жүгінді, - деп хабарлайды astana.kz сайтына Астана қаласының медициналық жедел жәрдем стансасынан.

ҚМЖЖС бас дәрігері Қанат Төсекбаев: «тұрғындар 31 желтоқсан күні - 1230 рет, 1 және 2 қаңтар күндері - 1630 реттен «жедел жәрдем» шақыртты», - деп нақтылады.

Бас дәрігердің айтуынша, науқастар көбіне ЖРВИ, тыныс алу органдары мен жүрек-қан тамырлары аурулары бойынша көмек сұраған.

«Бұл күндері ауыр халде түскен науқас тіркелген жоқ», - деді Қ.Төсекбаев.

Елордалық жедел жәрдем стансасында жұмыс күн сайын да қарбалас жүреді. Мұнда күніне мың жарым көмек сұраған шақыртулар түседі. Күн райының күрт салқындауына байланысты осы қыста «жедел жәрдем» көмегеніне жүгінгендер саны бірнеше есе артып кетті.