Жаңажылдық мерекелерде 1900-ден астам қылмыс жасалды, олардың жартысынан көбі тәулік ішінде ашылған - ҚР ІІМ
19:35, 04 Қаңтар 2012
АСТАНА. 4 қаңтар. ҚазАқпарат - Жаңажылдық мерекелерде, 2011 жылдың 31 желтоқсанынан 2012 жылдың 3 қаңтарына дейін 1952 қылмыс жасалды, олардың жартысынан көбі кезекшілік тәулік ішінде ашылған, деп хабарлады бүгін ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, 34 адам өлтіру дерегі тіркелді, оның 26-сы ашылды. 6 қарақшылық шабуыл жасау, 231 тонау, 939 ұрлық жасалды. Бұрын жасалған 206 қылмыс ашылды, соның ішінде өткен жылдардағы 150 қылмыс бар», - деп нақтылайды мәліметтерді ҚР ІІМ-де.
Жедел-іздетіру шараларының барысында тергеу мен соттан жасырынып жүрген 40 қылмыскер табылды. Өткізілген жедел шаралардың нәтижесінде 7 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 2 өткізу дерегі бар. Заңсыз айналымнан 2 килограмнан астам марихуана, 359 грамм героин алынды», - делінген таратылған хабарламада. Ведомствоның ақпараты бойынша, жаңажылдық мерекелік күндері елдің көлік жолдарында 85 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 17 адам қаза тауып, 72 адам жарақаттанды.