Екінші орта салмақтағы бос тұрған WBO тұғыры үшін тартысты кездесу 2027 жылдың 23 қаңтарында Данияның Хорсенс қаласында өтеді.
Sports.kz тілшісінің сұрағына жауап берген Банк бұл жекпе-жекте кім чемпион болатынын айтты.
– Бұл жекпе-жекке болжамым өте қарапайым: 23 қаңтар күні Якоб Банк екінші орта салмақта WBO нұсқасы бойынша жаңа әлем чемпионы болады, - деді боксшы.
Бұл кездесуде қос боксшы екінші орта салмақтағы вакантты (бос қалған) WBO әлемдік тәжін сарапқа салады. Бұл белбеу ұлыбританиялық Хамза Шираз қазақстандық боксшыға қарсы міндетті қорғаудан бас тартқаннан кейін иесіз қалған еді. Осыдан соң Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Әлімханұлы мен Банк арасындағы титулдық айқасты ресми бекітіп, қос тараптың менеджерлері оны өткізу шарттарын толық келісті.
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы бұдан бұрын рингке 2025 жылдың сәуір айында Астанада шығып, Франция өкілі Анауэль Нгамиссенгені нокаутқа түсірген еді. Ал оның қарсыласы Якоб Банк осыған дейін 2026 жылдың 25 шілдесінде Жиддада (Сауд Арабиясы) жекпе-жек өткізіп, ұлыбританиялық Павел Августыникті қапы қалдырған.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Жәнібек Әлімханұлы Дана Уайттың жаңа боксшысы туралы мәлімдемесін жоққа шығарды.