АСТАНА. KAZINFORM - Орта салмақтағы WBO/IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға оралуға дайындықты бастап кетті.
Бұл жөнінде ол Х әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
«Мен дайындықты бастадым. Жақында жекпе-жек!», - деп жазды Жәнібек.
Еске салсақ, осы аптада Top Rank промоутерлік компаниясының өкілдері Жәнібек Әлімханұлы мен Жаңа Зеландиядан келген үміткер Андрей Михайловичпен жекпе-жекті өткізу құқығы үшін No Limit boxing компаниясымен сауда-саттықтан ұтылды.
Әзірге жекпе-жектің нақты уақыты белгіленген жоқ. Алдымен ол шілде айында өтуі тиіс болатын. Алайда Жәнібектің денсаулығына байланысты кейінге шегерілді. Қазақстандық боксшы жекпе-жектен 11 сағат бұрын ауруханаға жатқызылды.
Еске салсақ, бұдан бұрын Камиль Куруглиев еркін күрестен жастар арасындағы әлем чемпионатында қола жүлде алды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.