Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионын нокаутпен жеңгеннен кейін қанша табыс тапқаны белгілі болды

 WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының германиялық Винченцо Гуальтьеримен жекпе-жегінен қанша қаржы тапқаны белгілі болды. Kazinform бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Top Rank

Шетелдік ақпарат көздеріне сүйенсек, «Қазақ стилінің» қаламақысы – 400 мың доллар, ал ақылы тарнсляциялардың сатылым көрсеткіші 500 мыңнан асса, Жәнібек 1,5 миллион доллар табыс табады.

Айта кетейік, жекпе-жек ұйымдастырушылары да, жергілікті спорт комиссиясы да боксшылардың нақты табысын әзірге ресми түрде жариялаған жоқ.

Бұған дейін белгілі журналист Дэн Рафаэль Гуальтьеридің Әлімханұлымен жекпе-жектен алатын табысы 750 мың доллар екенін айтқан болатын. Басқа дереккөздерге сүйенсек, оның табысы бір миллион АҚШ долларына жетуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF санаты бойынша орта салмақта екі белбеуді сарапқа салған жекпе-жекті неміс боксшысы Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО) өткізіп, жеңіске жеткен болатын.