Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) АҚШ-тың Техас штаты Розенберг қаласында өткен бокс кешінде ойын көрсетті, деп хабарлайды Kazinform.
Фото: Top Rank
Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF санаты бойынша орта салмақта екі белбеуді сарапқа салған жекпе-жекті неміс боксшысы Винченцо Гуальтьеримен (21-0-1, 7 КО өткізді.
Он екі раунд болады деп белгіленген жекпе-жек алтыншы раундта Жәнібектің қарсыласын техникалық нокаутқа жіберуімен аяқталды.
Фото: Top Rank
Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокста он бесінші жеңісіне қол жеткізді.
Нәтижесінде өзінің жүлделер санын WBO және IBF белбеулерімен толықтырды.
Фото: Instagram/janibek_alimkhanuly
Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген.
Фото: Top Rank
Кәсіпқой бокста орта салмақта ойын көрсетеді. Қазірге дейін барлық жекпе-жегін жеңіспен аяқтап келеді.
Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы атанса, 2013-2014 жылдары Азия чемпионы болды.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.