Орта салмақтағы WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы әлеуметтік желіде жаттығу жасап жатқан видеосын жариялап, «Бастадық» деп жазды.
Осыған дейін хабарлағандай, Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Жәнібек Әлімханұлына тыйым салынған мельдоний заты бойынша оң нәтиже көрсеткен допинг сынамасына байланысты осы жылдың 2 желтоқсанына дейін бір жыл мерзімге жарыстардан шеттету жазасын қолданды.
Ұйымның шешіміне сәйкес, қазақстандық боксшы чемпиондық атағы сақталды. Ал шеттету мерзімі аяқталғаннан кейін Жәнібек Әлімханұлы уақытша чемпионмен міндетті түрде жекпе-жек өткізуге тиіс.
Доминиканалық боксшы, орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамес қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен біріктіруші жекпе-жек өткізгісі келетінін жариялаған болатын.