— Ол менің жауым емес. Маған тек оның титулы керек. Мұнда жеке бастың ешқандай мәселесі жоқ, — деген Әлімханұлы Ширазбен бірге түскен суретін X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.
Еске салайық, тамыз айында Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Хамза Ширазға титулын Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жекте қорғауды міндеттеген еді. Белгіленген мерзім ішінде боксшылардың командалары жекпе-жек өткізу туралы келісімге келе алмады. Осыдан кейін жекпе-жек промоутерлік саудаға шығарылды.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы WBO чемпионымен жекпе-жекке қатысты пікір білдіріп, Хамза Ширазбен ықтимал жекпе-жекке қаншалықты қызығушылық танытатынын айтқан болатын.