Аталған бокс кешінде бүгінде ұлттық құрама сапында ел намысын қорғап жүрген ағайынды Сабырхандар шаршы алаңда кәсіпқой бокста бақтарын сынап көрмек. Ағайынды боксшылардың қарсыласы әзірге анықталмаған.
Сондай-ақ, осы күні Сұлтан Зауырбек пен Батыр Жүкембаев та бокс кешінің көрігін қыздырады деп жоспарланып отырғаны белгілі болды.
Сонымен қатар 5 сәуір күні Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған Баходир Жалолов та осы кеште кәсіпқой бокстағы шеберлігін көрсетпек.
5 сәуір күнгі елордамызда өтетін ірі кәсіпқой бокс кешінің басты жекпе-жегі қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен француздық Анауэль Нгамиссенге арасында өтеді.
Бүгін осы жекпе-жек кешіне орай Астанада арнайы баспасөз мәслихаты өтті.