Жәнібек Нөпіров Еңбек министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен Жәнібек Мақсұтұлы Нөпіров ведомство аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Үкімет

1980 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру институтын, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1999–2001 жылдары Астана қаласы бойынша қазынашылық басқармасында бастаған.

2001–2006 жылдары — Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінің құрылымдарында түрлі қызметтер атқарды.

2006–2007 жылдары — ҚР Статистика агенттігінің Ішкі әкімшілік департаменті директорының орынбасары.

2007–2008 жылдары — ҚР Қаржы министрлігі департаменті директорының орынбасары.

2008–2010 жылдары — ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі департаментінің директоры.

2010–2013 жылдары — Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2013–2016 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігі бөлімінің консультанты.

2016–2017 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігі бөлімінің сектор меңгерушісі.

2017–2019 жылдары — ҚР Президент Әкімшілігі бөлім меңгерушісінің орынбасары.

2019–2022 жылдары — ҚР сауда және интеграция министрлігі аппаратының басшысы.

2022-2023 жж. — «Қорғас» ШМЫХО» АҚ-да басшылық лауазымдар.

2023 жылы — «Ақпараттық-есепке алу орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2023–2024 жылдары — Қаржы министрлігі департаментінің директоры.

2024–2025 жылдары — Ұлытау облысы әкімінің орынбасары.

2025 жылғы 31 желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін Қаржы министрлігі Өнеркәсіп, көлік және коммуникация бюджеті департаментінің директоры.