— Ел аумағында жаңбыр, найзағай, бұршақ, шквал және қатты жел күтіледі. Ауа райы тұрақсыз болады, — делінген хабарламада.
Астана қаласында 10 маусым күні күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыс желі, екпіні 15–20 м/с.
Алматы қаласында 10 маусым күні күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі.
Шымкентте 10 маусым күні күндіз қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыс желі, екпіні 15–20 м/с.
Айта кетейік, бүгін Қазақстанның 16 өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды.