Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның бірқатар аймағында найзағай ойнайды, өрт қаупі жоғары болады.
Елдің солтүстігінде нөсер жаңбыр жауады, кей аймақтарда дауыл болып, бұршақ түсуі мүмкін. Тек Қазақстанның оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстікте түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Күндіз Жетісу, Абай облыстарында, сондай-ақ Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан өңірлерінде аптап ыстық – 35… 38°C.
Жетісу облысының солтүстік-батысы мен орталығында, Абай облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Алматы облысының батысы мен солтүстігінде аптап ыстық болады. Бұл өңірлерде термометр 41… 42°C дейін көтеріледі.
Айта кетейік, Венгрияда 100 жылдан бергі ең жоғары ауа температурасы тіркелді.