Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, Ұлытау облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысындағы екпіні 15-20 м/с.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Қарағандыда 5 сәуірде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-18 м/с.
Атырау облысының батысында тұман түседі.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл тұратыны болжанады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың шығысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, кей тұста - 23 м/с. Петропавлда 5 сәуірде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с дейін жетеді. Алматыда 5 сәуірде күндіз найзағай ойнап, батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15 м/с. Қонаевта 5 сәуірде батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Ақтөбеде түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Күндіз облыстың шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Оралда 5 сәуірде найзағай ойнап, түнде және таңертең тұман болатыны болжанады.
Түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп болжанады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда 5 сәуірде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр жауады, бұршақ түсіп, тұман болады, найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың оңтүстігінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Ақтауда 5 сәуірде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі.
Күндіз Абай облысының батысында, оңтүстігінде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың шығысында, орталығында тұман түседі. Күндіз облыстың орталығында оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Өскеменде 5 сәуірге түнде және таңертең тұман болады.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады. Облыстың оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында сақталады және тау бөктерлі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте 5 сәуірде кей уақыттарда найзағай ойнап, дауыл тұрады, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. 5 сәуірде жоғары өрт қаупі бар. Түркістанда 5 сәуірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында нөсер жаңбыр жауады, бұршақ түседі, дауыл тұрады, ал облыстың таулы аудандарында тұман болады. Күндіз облыстың таулы аудандарында солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, облыстың солтүстік-батысында шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 5 сәуірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі, түнде кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады.
Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түсіп, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 5 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, күндізгі екпіні - 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда таңертең және күндіз 5 сәуірде оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Астанада 5 сәуірде таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Айта кетейік, синоптиктер Қазақстанның үш аймағында өзендер арнасынан асуы мүмкін екенін ескертті.