«Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамына сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.
— Тек Қызылорда облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. 15 қарашада еліміздің батысында қатты жаңбыр, ал 16 қарашада Батыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болжанады, — делінген хабарламада.
Ауа температурасы:
Еліміздің батысында түнде ауа температурасы 2 8°С-тан 6 11°С-қа дейін жоғарылайды, 16 қарашада -2 3°С-қа дейін аздап төмендейді. Күндіз 8 13°С-тан 1 8°С-қа дейін төмендейді.
Оңтүстік-батыста түнде ауа температурасы 4 9°С-тан 0, 5°С-қа дейін, күндіз 10 15°С-тан 5 10°С-қа дейін төмендейді.
Солтүстік-батыста түнде ауа температурасы негізінен -3 3°С, күндіз 2 9°С-тан 4 11°С-қа дейін аздап жоғарылайды.
Солтүстікте түнде ауа температурасы негізінен -5 2°С, күндіз -2 3°С-тан 0, 5°С-қа дейін аздап жоғарылайды. Павлодар облысында түнде -3-8°С-қа дейін, күндіз -2 3°С-қа дейін төмендейді.
Орталықта түнде ауа температурасы негізінен -2-10°С, күндіз -3 5°С болады.
Еліміздің шығысында ауа температурасы түнде -1-8°С-тан -6-13°С-қа дейін төмендейді, күндіз негізінен -5 3°С болады.
Республиканың оңтүстігінде түнде ауа температурасы негізінен -5 3°С, күндіз 5 12°С-тан 7 15°С-қа дейін жоғарылайды.
Оңтүстік-шығыста түнде ауа температурасы -1-6°С-тан -5-10°С-қа дейін, таулы аудандарда -9-14°С-тан -13-18°С-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы 2 10°С-тан 0, 8°С-қа дейін, таулы аудандарда -1-6°С-тан -3-8°С-қа дейін төмендейді.
Осыдан бұрын 13 қарашада жолға шығатын жүргізушілер нені ескеруі керек екенін жазғанбыз.