Сәрсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігіне антициклон жотасы әсер етіп, жауын-шашынсыз күн райы қалыптасады. Елдің батысында, солтүстік-батысы мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуімен жаңбыр жауады, шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Республика бойынша тұман болжанады. Сондай-ақ елдің солтүстігінде, оңтүстігі мен батысында екпінді жел тұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысы мен орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында – 1-3 градус, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында 1 градус үсік жүреді.
Түркістан, Қызылорда облысының орталығында, шығысы мен оңтүстігінде өрт тұтану қаупі сақталып отыр.
Жамбыл облысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында, сондай-ақ өрт қаупі жоғары.
Гүлмира Алякпарова
«Қайнар» университетін – «қазақ тілі және әдебиет», Д.Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
«ҚазАқпарат» ХАА-да 2004 жылдан бері қызмет атқарып келеді.