«Жаңбыр мен қар». Синоптиктер бүгін күн райы қандай болатынын айтты
06:11, 16 Қараша 2024
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» Қазақстан аймақтарында 16 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Синоптиктер болжамынша, ел аумағының көп бөлігіне жауын-шашынсыз ауа райы күтілетін антициклон сілемі әсер етеді.
— Тек республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, — делінген хабарламада.
Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстігінде төменгі бұрқасынмен, батысында, солтүстік-батысында көктайғақ, батысында, солтүстік-батысында, орталығында, оңтүстігінде, оңтүстік шығысында тұман күтіледі.
Еске салсақ, бұған дейін алдағы үш тәулікке күн райы қандай болатынын хабарлаған едік.