Жаңбыр, найзағай: 18 мамырда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК синоптиктері 18 мамыр күні Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Фото: Алматы әкімдігі

Түркістан облысында таулы аймақтарда өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік бөлігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні таулы және тау бөктерлі аудандарда 15-20 м/с, кей жерлерде 23 м/с жетеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкент пен Түркістан қалаларында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, сондай-ақ жоғары өрт қаупі күтіледі.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың батысы мен орталығында кей уақытта қатты жаңбыр жауады, тұман болады. Жел оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғып, түнде солтүстік бөлігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда жаңбыр мен найзағай, түнде қатты жаңбыр және тұман болады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз оңтүстік пен орталық бөлігінде шаңды дауыл болады. Жел шығыс және солтүстік-шығыстан соғып, түнде және күндіз екпіні 15-28 м/с аралығында болады. Шығыс өңірінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында желдің екпіні 15-23 м/с жетеді.

Павлодар облысының солтүстік және шығыс бөлігінде тұман, түнде 2 градус үсік болады. Батыс, оңтүстік және шығыс аудандарында жоғары өрт қаупі, шығысында төтенше өрт қаупі бар. Павлодар қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысы, оңтүстік және шығысында жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз солтүстік, шығыс және оңтүстік бөліктерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыс пен шығыстан соғып, екпіні 15-28 м/с аралығында болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі бар. Атырау қаласында таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай, күндіз шаңды дауыл болады.

Ақмола облысында солтүстік-шығыс және шығыс жел соғып, батыс пен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстік, орталық және оңтүстік аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Солтүстік-шығыс желінің екпіні 15-28 м/с аралығында, облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар. Тараз қаласында желдің екпіні таңертең және күндіз 15-20 м/с.

Ұлытау облысында оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыс бағытынан соғып, батыс, солтүстік және оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз оңтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с болады. Жоғары өрт қаупі бар, шығыс және орталық аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында желдің екпіні 15-20 м/с, төтенше өрт қаупі бар.

Қарағанды облысында солтүстік-шығыс және шығыс жел соғып, таңертең және күндіз оңтүстік бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады. Батыс пен солтүстігінде жоғары, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында жоғары өрт қаупі бар.

Алматы облысында солтүстік-шығыс және шығыс жел соғып, солтүстік, батыс және шығыс бөліктерінде екпіні 15-20 м/с. Батыс аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында тұман, шығысында жоғары өрт қаупі болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік және шығыс бөліктерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-батыстан және солтүстіктен соғып, күндіз солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктерінде екпіні 15-20 м/с. Түнде шығысында 2 градус үсік болады. Орталық аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында желдің екпіні 15-18 м/с.

Абай облысының солтүстік бөлігінде тұман болады. Жел солтүстік-шығыс пен солтүстіктен соғып, облыстың оңтүстігі, шығысы және орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Шығыс аудандарында өрт қауіпі жоғары деңгейде сақталады.

Жетісу облысының таулы аймақтарында аздаған жаңбыр мен найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан соғып, облыстың шығысы мен орталығында екпіні 15-20 м/с, кей кезде 25 м/с жетеді. Оңтүстік-шығыс аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда жел солтүстік-шығыстан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Қостанай облысында жел солтүстік-шығыс пен шығыс бағыттарынан соғып, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде аздаған жаңбыр мен найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында шаңды дауыл соғады. Жел шығыс бағытынан соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік және оңтүстік-батыс аудандарында өрт қауіпі жоғары деңгейде сақталады. Орал қаласында жел шығыс бағытынан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының орталығы, батысы және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай және дауыл күтіледі. Облыстың орталығы, солтүстік және оңтүстік аймақтарында шаңды дауыл соғады. Жел шығыс пен оңтүстік-шығыс бағыттарынан соғып, күші 15-20 м/с, облыстың орталығында 23 м/с жетеді. Батыс және орталық аудандарда төтенше өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Қызылорда қаласында күндіз жаңбыр, найзағай және дауыл болады, кей уақытта шаңды дауыл соғады. Жел шығыс бағытынан соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, бүгін Астанада және тағы екі қалада ауа сапасы нашарлайды