Синоптиктердің болжамы бойынша, Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында және орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматыда кешке өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз желдің екпіні 15 м/с-ке дейін жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауының тауларында, Алматының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар. Қонаевта кешке өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкентте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының солтүстігі мен шығысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысында және оңтүстігінде түнде сәл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының батысында және солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, шығысында және орталығында сәл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15 м/с-ке дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда таңертең және күндіз сәл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде сәл жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жоғары өрт қаупі сақталады, батысында төтенше өрт қаупі бар, солтүстігі мен шығысында да төтенше өрт қаупі бар. Қарағандыда төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай, бұршақ және дауылды жел болады. Түнде таулы аудандарда, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз оңтүстік-батыста және таулы аудандарда желдің екпіні кей уақытта 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Қостанайда да түнде және таңертең тұман болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оралда да түнде және таңертең тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Абай облысында жоғары өрт қаупі сақталады, солтүстік-батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Семейде жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Батысында, шығысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Демалыс күндері ауа температурасы 32°С-қа дейін көтерілетінін жазған едік.