Жаңбыр, найзағай, боран: Алматыда табиғат тосын мінез көрсетіп жатыр

Фото: Видеодан кадр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда бүгін кешке қарай күн райы күрт бұзылды. Аспанды қара бұлт басып, жел көтеріліп, найзағай ойнап, қатты жаңбыр мен бұршақ жауды.

Мегаполис тұрғындары мен қонақтары табиғаттың тосын мінезін суретке түсіріп, әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр. 


2 GIS мәліметі бойынша, қалада 10 балдық көлік кептелісі туындады.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі бірнеше ауданда ағаштардың құлағанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта 109 құтқару қызметінің техникасы мен мамандары Алмалы ауданы, Қазыбек би көшесі, 65-үйдің жанында ағаштардың құлауы туралы хабарламаларға шықты. Сондай-ақ Бостандық ауданы, Шашкин мен Попов көшесінің қиылысында және Орбита-3 шағын ауданында ағаштар жолға құлаған. Аумақты тазарту жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады департаменттен.