Жаңбыр, найзағай, дауыл: еліміздің 16 өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі
АСТАНА. KAZINFORM – 20 қыркүйекте Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 20-21 қыркүйекте өңірдің солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының оңтүстігі, орталығы мен шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, найзағай болжанады. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының батысы мен таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Өңірдің батысы, солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Ақтөбе облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары, батысы, солтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының шығысында түнде және таңертең тұман түседі, солтүстік пен батысында 1 градус үсік жүреді. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігі, батысы мен шығысында түнде және таңертең тұман болжанады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі.
Абай облысының батысы мен солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ болады. Семейде күндіз найзағай ойнайды.
Алматы облысының оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының тау асуларында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Өңір аумағында, соның ішінде Шымкент пен Түркістан қалаларында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының батысы, шығысы мен орталығында шаңды дауыл, шығыс пен солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с болады. Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл күтіледі.
Қостанай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысының батысы, шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, солтүстігінде өрт қаупі жоғары.