7 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы күн райы қалыптасады, онымен жаңбыр, найзағай күтіледі. Барлық өңірде тұман, екпінді жел болжанады. Батыста бұршақ жаууы ықтимал. ҚазАқпарат бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Түнде Ақмола облысының шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қызылорда облысының орталығында, шығысы мен оңтүстігінде өрт тұтанудың аса жоғары қаупі сақталады.
Жамбыл облысында, Атырау облысының оңтүстігі мен шығысында өрт шығу қаупі жоғары.
Гүлмира Алякпарова
«Қайнар» университетін – «қазақ тілі және әдебиет», Д.Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін «экономика» мамандығы бойынша аяқтаған.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
«ҚазАқпарат» ХАА-да 2004 жылдан бері қызмет атқарып келеді.