Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады. Найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жл тұрады. Сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін.
Еліміздің солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңертеңгі уақыттарда солтүстікте тұман болады.
Күндіз Алматы облысында 35°С, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында және Жетісу облысында 35 38°С, Маңғыстау облысында 38 40°С қатты ыстық күтіледі.
Қарағанды облысында найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысында дауыл тұрып, бұршақ жауады. Желдің екпіні 23 м/с.
Ал Астана қаласында жаңбыр жауады. Солтүстіктен жел соғып, күндіз екпіні 15-18 м/с болады.
Айта кетейік, Токио жиілеген аптап ыстық, нөсер жаңбыр және басқа да құбылмалы ауа райының салдарынан тұрғындарды қорғау үшін жаңа шешімдерді енгізіп жатыр.