Жаңбыр, найзағай, жел: 28-30 қыркүйекке синоптиктер болжамы

«Қазгидромет» РМК 28-30 қыркүйек күндері қалыптасатын ауа райына болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фото: Мұхтар Холдорбеков/"ҚазАқпарат" ХАА

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде күн райының құбылмалы сипаты сақталып, жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі.

Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз күн райы әлі де сақталады.

Түнде және таңертең елдің солтүстік жартысында, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман күтіледі.

Еліміздің шығысында 28-29 қыркүйекте түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік сақталады.

Температуралық фонда елеулі өзгерістер күтілмейді, тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы күндіз 17-23 жылыға дейін, таулы аудандарда 8-13 жылыға дейін біртіндеп төмендейді.