АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидромет ел аумағында 1 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде атмосфера фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
«Жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. ҚР бойынша тұман түсіп, солтүстік, солтүстік-батыста көктайғақ болады», — деп жазды ведомстводан.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.