Жаңбыр, тұман және жел: елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы құбылмалы болады. Кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, тұман түседі, найзағай ойнап, желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстік өңірлерде көктайғақ пен үсік болуы мүмкін. Сонымен қатар елдің бірнеше облысында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Фото: Алина Төлеубаева/Kazinform

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда кей уақыттарда тұман түседі. Жоғары өрт қаупі бар.

Алматы облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде облыстың солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады. Іле Алатауында (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с болады. Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында күндіз нөсер жаңбыр жауады. Түнде жауын-шашын түсіп, облыстың солтүстігінде, шығысында жаңбыр мен қар аралас мол жауын-шашын болады. Көктайғақ байқалады. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында желдің екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с болады. Облыстың шығысында, батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с болады. Түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз 15-20, батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с болады. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың батысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Павлодарда тұман түседі.

Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында желдің екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда кей уақыттарда нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде кей уақыттарда тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада төтенше өрт қаупі бар.

Түркістан облысының таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар аралас мол жауын-шашын түседі. Түнде және таңертең таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жоғары өрт қаупі сақталады. Шымкентте түнде және таңертең тұман түседі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар аралас мол жауын-шашын түседі. Таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда жылдамдығы 15-20 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.